Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада тұрғын үй кешеніндегі 10 пәтер мемлекет меншігіне өтті

Астана прокурорлары тұрғын үй кешенінен он пәтерді мемлекет меншігіне өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

пәтер

Фото: Pexels.com

Бұл пәтерлер көпбалалы отбасыларға бөлінеді. Тағы бес пәтер дәл осындай мақсатта мемлекет меншігіне өтпек. Прокурорлар заңбұзушылықты мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды талдау барысында анықтаған.



"2022 жылдан бері құрылыс салушы көппәтерлі тұрғын үй салу және көп балалы отбасыларға арналған 15 пәтерді уәкілетті органның балансына беру бойынша келісім-шарттық міндеттемелерін орындамағаны анықталды. Тұрғын үй кешені проблемалы болды", – делінген хабарламада.

Прокуратура кінәлі шенеуніктің тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын қосты.

Талқылау