Астанада тұрғын үйдегі өрттен көз жұмған шетелдік дәрігер әлемді рактан құтқаруды армандаған
Астанадағы тұрғын үйде болған өрттен көз жұмған нигериялық дәрігер профессор Элайджи Кехинденің екі үлкен қызы бар. Олар Ұлыбританияда тұрады, деп жазады Время.
Ата-анасы мен екі сіңлісін қайда жерлеу керектігін қыздары Йемиси мен Олайтан шешеді.
Айта кетейік 14 шілде күні таңертен «Хайвил» тұрғын үй кешенінде болған өрттен профессор Элайджи Кехинде мен әйелі, екі кіші қызы қаза болған еді. Әйелі мен қыздары өрт болардан екі күн бұрын ғана Астанаға келген екен.
Бұған дейін олардың үйі 1 бөлмелі деп аталған. Қазір одан көп бөлме болғаны анықталды. Үй іші заманауи жиһаздарға толы болған. Әрі «ақылды үй» смарт жүйесі арқылы салынған. Сол себепті олардың өрттен қалай көз жұмғанына шетелдік әріптестері мен досары таңғалып отыр.
Профессор әлемді қатерлі ісіктен құтқарғысы келген. Ол резюмесіне өзі жайлы осылай деп жазыпты. Қазақстанға келмей тұрып 40 жыл бойы Нигерияда, Оманда, Кувейтте, Ұлыбританияда ғылыммен айналысып, ұстаздық қызмет атқарған.
Элайджи Кехинде Астанадағы ұлттық ғылыми орталығының онкология және трансплантология кеңесшісі қызметін атқарды.
Тағы да оқыңыз:
Әлемде алғаш рет мұсылман әйелдерге арналған төсек қатынасы жайлы кітап шықты
Айгүл Иманбаева да өзі туралы кітап шығармақ
Қазақстанда жол полициясы енді ереже бұзған адамның үстінен хаттама толтырмайтын болды