Қазақстанда жол полициясы енді ереже бұзған адамның үстінен хаттама толтырмайтын болды

Сейсенбі, 18 Шілде , 2017 10:32

Қазақстандық жол полициясының атқаратын қызметтеріне байланысты бірқатар өзгерістер енгізілуде.

6014172446807a78a7688f8f2528ba41a73df818

Бұл туралы ҚР Бас прокуратура өкілі Бағдат Мусин Фейсбуктегі парақшасында жариялады.

“Әр жобаның артында қалың адамда шоғыры тұрады. Біздің комитеттің командасы жол полициясының жұмысы үшін жоба құрастырды” деп жазған ол, 9 кезеңнен тұратын өзгерістерді ұсынады.

20031754_1982382175378204_6359005325065468203_n

Жобаны жасаушы команда

1. Бұрын хаттаманы қағазға жазып тұруға 15-20 минут кететін болса, қазір оны планшет арқылы 3-5 минутта реттеуге болады;

2. Қағазда азаматтың мәліметтеріне қатысты қателіктер кетіп, айыппұлдар уақытылы төленбеді. Ал қосымша арқылы ЖСН нөмірін енгізіп, барлық мәліметтер база арқылы шығып тұрады;

3. Егер азаматтың жол ережесін бұрын бұзғаны туралы білгісі келсе полиция рация арқылы диспетчермен хабарласатын. Енді қазір планшетте ол адам бұзған әкімшілік жауапкершіліктер сайрап тұрады.

4. Электронды хаттаманы жоғалтып алу, жою, өңдеу мүмкін емес. Ондағы мәліметтер бірден базаға тіркеледі;

20108596_1982383812044707_3311462082255862690_n

5. Қағаз хаттама кезінде полицей хаттамаларды тағы бір қызметкерге өткізуге тиісті еді. Енді планшет арқылы ереже бұзушылық бірден айыппұлдардың бірыңғай базасына топ етіп, төлем жасау үшін екінші деңгейлі банктерге таратылады;

6. Айыппұлды төлегеннен кейін базадан аты-жөнің жойылады;

7. Сондай-ақ, сен туралы қосымша куәлік беріледі (көлігі ұрланған ба немесе жол-көлік оқиғасына қатысы бар ма деген секілді).

8. Сақтандыру базасы мен техникалық тексеру базасы ынтымақтасады;

9. Жақын арада полицейлердің айыппұлдарды планшет арқылы қабылдайтын мүмкіндігі болады.

Оқи отырыңыз:

3 жасында америкалық отбасы асырап алған қазақ баласы отанына оралды

Талдықорғанда шенеуніктің жұмысына көңілі толмағандар оның суретін қала көшелеріне іліп тастады

Алматыда 18 жастағы қыз жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Қарағанды облысында қоқыс арасынан жаңа туған сәби өлі күйінде табылды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар