Астанада түнгі клубта 19 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды (видео)
Фото: Видеодан скрин
Елордалық түнгі клубтардың бірінде қайғылы оқиға болды. Мекемеде келушілер арасында жанжал шығып, 19 жастағы жігіт көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады. Кадрлардан жерде қансырап жатқан адамды екі жігіттің ұстап отырғанын көруге болады. Полиция мәліметінше, мекемеге келушілер арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқан.
Алматыда түнгі клуб басшысы қол астындағы жігітті зорлады деген күдікке ілінді
Оралда түнгі клуб күзетшілері келушілерді қорғаудың орнына соққыға жыққан
"Оқиға кезінде күдікті пышақ жарақатын салған. Салдарынан 19 жастағы жігіт алған жарақатынан сол жерде көз жұмды. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр", – делінген хабарламада.
Полиция кісі өліміне қатысы бар деген күдіктіні ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Айта кетейік, бұған дейін Қостанай облысында түнгі клубтағы төбелес адам өлімімен аяқталғаны туралы жазған едік.

"Қазақша мәзір сұрағаным үшін қуып жіберді": Алматыда қонақтарға дөрекілік көрсеткен дәмхана сынға қалды
