Астанада тағы да автобус апаты болып, жолаушылар зардап шекті
Фото: Видеодан скрин
2025 жылы 3 шілдеде Астанада автобус апатқа ұшырап, салдарынан жолаушылар зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға орнында түсірілген видео желіде жарияланды. Астана қаласының полиция департаменті жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтаған.
"Астананың Сарыарқа ауданында жол-көлік оқиғасы болды. Оқиға орнына бірнеше жедел жәрдем бригадасы жетті. Себебі жолаушылар апат салдарынан зардап шекті", – делінген хабарламада.
Елордалық полицейлер тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.
"Автобус жүргізушісі Қосшығұлұлы көшесімен келе жатып, Серкебаев көшесімен қиылыста келе жатқан Ford маркалы автокөлікке жол бермеген. Салдарынан екі көлік соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан автобуста болған үш жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ полиция көлік жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтап, көше қиылыстарында мұқият болу керегін ескертті.
Еске салсақ, 2 маусымда Астанада жолаушылар автобусы бағанаға соғылып, 15 адам жарақат алды. Ауруханаға ауыр халде түскен сегіз жастағы Алуа Бекеннің екі аяғын ампутациялауға тура келген.
17 маусымда денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов Алуа ауруханадан шыққанын, Ақмола облысындағы тұрғылықты жері бойынша оңалту курсын өтетінін айтты.

"Қабырғалары бір жыл болмай жарылып, құбырлары істен шыққан": Алматыдағы қай тұрғын үй кешеніне тұрғындар көп шағымданады
