Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада сыныптасын ұрып өлтірген оқушы жазадан сытылып кетті

Ішкі Істер министрлігі сыныптасының өліміне айыпталған оқушыға қатысты қылмыстық істі жауып тынды, – деп хабарлайды КТК арнасы.

рнпе

Темірлан Диқанбаев желтоқсан айында Астанадағы №59-шы мектепте қайтыс болған еді. “Сараптаманың қортындысын алдық. Бір анығы марқұммен шекісіп қалған балаға қатысты іс тоқтатылады. Ал мұғалімдерге қатысты тексеру әлі жүріп жатыр”, – дейді ҚР Ішкі Істер министрі Қалмұханбет Қасымов.

Сараптаманың қортындысын министр ашып айтқан жоқ. Қайғылы жағдай болғанда, ұстаздар бірауыздан Темірлан Диқанбаевтың жүрегі ұстап ажал құшқанын мәлімдеген. Бірақ марқұмның туыстары 13 жастағы ұлдарының дені сау екенін айтып отыр. Сондықтан, оқыс оқиғаны төбелестен көреді. Тергеушілер де Темірланның сыныптасының ауыр соққысынан қайтыс болғанын анықтаған. Алайда, кінәсі дәлелденген оқушының жасы 14-те болғандықтан қылмыстық жауапкершіліктен босатылыпты.


Жіберіп алмаңыз:

Алматы облысында ағайындылардың өліміне қатысты сот тағы айғайға ұласты

Қазақстанда Шымкент қаласы ең қауіпсіз қала саналады

Астанада теміржол вокзалының шатыры опырылып түсті (видео)

Саясаттанушы блогерге: Жатыпатар болмай пікіріңізді ашық айтыңыз, анда-мында сандалмай

Талқылау