Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада суретші асфальт бетіне киелі Інжіл кітабының жазбаларын жазып кетті

Астаналық тұрғындарға үйреншікті болған жүрекшелер мен ою-өрнектер қатарын ендігі кезде жазулар толықтырды.

3172875

Астанада Абылайхан даңғылы ауданындағы жаяу жолдарда қасиетті кітап сөздерінің жазбалары пайда болды, деп жазады Sputnik. 

Қала тұрғындар мен қонақтарын жергілікті аула тазалаушы – Саша ағайдың үйреншікті туындылары таң қалдырды.

Суретші: “Өзіңе және білімге үңіл, онымен үнемі айналыс, сол жағдайда өзіңді және өзіңді тыңдаушыларды да құтқара аласың. Інжил. 1. 4 т. 16 ж.”, — деп жазған.

3176569

Суреттердің авторын камера түсіріп алған.

Астаналық аула тазалаушы Саша ағай былтырғы жылы қыста күллі қалаға танымал болды. Ол кезде ер адам күректің көмегімен қар бетінде жүрекшелер салып қойған еді. Жаздың жылы күндері оның құралдары бояу мен қылқалам болған.

Тағы да оқыңыз:

«Иванушки» тобының әншісі сынап кеткен Ақтөбедегі қонақүй депутаттікі болып шықты

Қостанай облысында музыка пәнінің мұғалімі қыздарға азғындық жасады деп күдікке ілінді

Алматы облысында әкім орынбасарынан таяқ жеген кәсіпкер күтпеген жерден күдіктіге айналды

Талқылау