Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада "Шанхай" базарындағы өртті сөндіру кезінде үш құтқарушы зардап шекті

үш өрт сөндіруші зардап шекті

Фото: Төтенше жағдай министрлігі

Бүгін Астанадағы “Шанхай” базарындағы өртті сөндіруге асыққан құтқарушылардың үшеуі төтенше жағдай кезінде зардап шекті. Олар түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жедел жәрдеммен екі адам түрлі жарақатпен Ұлттық травматология және ортопедия орталығына жеткізілді. Тағы бір зардап шеккен адам соққы алып, №1 Көпсалалы қалалық ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы орташа ауыр, тұрақты”, – делінген хабарламада.

Кейін екі өрт сөндірушіге медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаториялық емдеуге жіберілген.

Еске салайық, бұған дейін Алаш тас жолы бойындағы “Байқоңыр” ауданы аумағында орналасқан “Шанхай” базары отқа оранған еді. Базар әкімшілігі өрт туралы хабарламаған. Өртті бірінші және үшінші қабаттың терезелерінен шыққан қою қара түтінді байқап қалған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өздері анықтаған. Төтенше жағдай министрлігі ешбір азамат зардап шекпегенін хабарлады.

Айым Болатқызы
Жұма, 18 Шілде, 2025 17:16
Талқылау