Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы спорт кешенінде полицей көз жұмды

Әлеуметтік желіде Астанадағы спорт кешендерінің бірінде жаттығудан кейін құқық қорғау органдарының қызметкері қайтыс болды деген ақпарат тарады. Астана полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ішкі істер министрлігінің Instagram парақшасынан / Қасымхан Мелдебеков

Қауіпсіздік қызметкері күштік жаттығудан кейін есін жоғалтқан.

"Жедел жәрдем бригадасы дереу реанимациялық шаралар қабылдағанымен, оны аман алып қалу мүмкін болмады. Медициналық қорытынды бойынша өлімнің себебі миокард инфарктісі болған", – деп хабарланды.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов аға инспектор, арнайы жылдам әрекет ету бөлімшесінің қызметкері Қасымхан Мелдебековтың қайтыс болғанын хабарлады.

"Ол өз қызметіне адал болған, қызметіне және еліне берілген офицер еді. Оның мемлекет алдындағы еңбегі бағаланбас", – деп жазды министр Instagram парақшасында.

Министрлік Мелдебековтың отбасына барлық қажет көмек көрсететінін қосымша атап өтті.



Еске салайық, бұған дейін Алматыда жанжал кезінде полиция қызметкерін өлтіріп кеткені туралы хабарлаған едік. Ал мерт болған полицей не болып жатқанын байқап, араласып, агрессивті адамды тоқтатуға тырысқан. Жанжал көшеде жалғасып, соңында полицейдің өліммен аяқталған.

Талқылау