Астанада полицей мен Франция азаматы өзіне қол салмақ болған жігітті құтқарып қалды
Астанада Франция азаматы көпірден секіріп кетпек болған жігітті құтқарып қалуға талпынған полицейге көмектесті.
Фото: Астана ІІД
Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.
Оқиға 5 тамыз күні таңғы 7:40 шамасында Қабанбай батыр даңғылының бойындағы “Қараөткел” көпірінің үстінде болған. Тәртіп сақшылары өз-өзін өлімге итермелеген жігітті бейнебақылау камерасы арқылы көріп қояды.
Тәртіп сақшылары жеткен кезде жігіт суға секіріп үлгерген еді. Дереу іске кіріскен полиция лейтенанты Азамат Балтабаевқа осы кезде Франция азаматы Жорж Киессер де көмектескен. Олар екеулеп жүріп жігітті жағаға алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырады.
Кейінірек жігіттің 1991 жылғы тұрғын екені анықталды. Шығыс Қазақстан облысының тумасы отбасылық жанжалдан кейін осындай қауіпті қадамға барыпты. Ал елордалық полицейге көмектескен Франция азаматы Франция елшілігінде қауіпсіздік офицері болып істейді екен.
Оқи отырыңыз:
Тоқтар Төлешовтың Rolls-Royce және Bentley көліктері сатуға шығарылды (фото)
Пара бергені үшін Сингапурда сотталған қазақстандық қыз елге оралды
Қазақстандықтар ЭКСПО-дағы Оңтүстік Корея павильонынан 20 планшетті ұрлап кетті