Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада оқушы қызды әкесінің көз алдында көлік қағып өлтірді

Астанада көлік астына түскен қыз әкесінің көз алдында мерт болды.

“Бүгін Астанада қайғылы оқиға болды. Автобус жүргізуші көз алдында туған қызынан айырылды. Әуежайдан қалаға келе жатқан бағытта жеңіл көлік 8-сынып оқушысын қағып өлтірді. Жеңіл көлік иесі қызды байқамай қалған. Қас қағым сәт марқұм қыздың әкесінің көз алдында өтті. Автобус жүргізушісі сол қатарда жүріп келе жатқан.

Құрметті астаналықтар! Кездейсоқ оқиғадан ешкім сақтана алмайды. Жол жүру ережесін сақтаңыздар. Балаларға арналған жолақта сақ болуларыңызды сұраймын.

Жол апатынан көбіне балалар зардап шегіп жатады. Баладан әп-сәтте айырылу ата-анаға оңай емес. Мұндайға жол бермеу үшін ережені сақтаңыздар. Қаза болған қыз баланың жақындарына қайғырып көңіл айтамыз”, – деп жазады “Astana LRT”  ЖШС қоғаммен байланыс жөніндегі департаментінің басшысы Науат Азанбаева ресми парақшасында.

Тағы да оқыңыз:

Павлодарда мектеп-интернатының оқушысы есірткі шегіп көз жұмды

Алматылық полицей қала тұрғынын құлдыққа жіберіп, ұлын өлтірмек болған

Әке, өлсем осы жердегілер жауап береді: Семейде сотталушы түрмедегі азапқа шыдамай шеге жұтқан

Талқылау