Астанада мешіт ішінде пышақ ұстаған ер адам келушілерге шабуылдады (Видео)
Астанада мешіттердің бірінде белгісіз ер адам келушілерді пышақпен қорқытты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға Сарыарқа ауданының мешітінде болды.
Видео кадрларында үсті қан адам пышақ ұстап полиция қызметкерлеріне қарсыласқан. Ал қызметкерлер пышақты лақтыруға шақырған. Олар қару қолданбай-ақ ер адамның қолындағы пышақты бейтараптандыруға тырысты. Тіпті полицейлердің бірі қолына орындық ұстап алғаны да көрінеді.
Полицияның мәліметінше кейін ер адам ұсталды.
Ол 2006 жылдан бері нейропсихиатриялық диспансерде есепте тұрған 36 жастағы ер адам болып шықты. Қылмыстық іс қозғалды. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті