Астанада мектеп оқушылары қашықтан оқуға көшірілді

Астанада 12 наурызда қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқытуға көшірілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Енгізілген шектеу туралы Астана әкімдігі мәлімдеді.
“Ауа райының нашарлауына (желдің күшеюі) байланысты 2026 жылдың 12 наурызында 0-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері (9 сынып негізінде) бірінші ауысымда қашықтықтан оқыту форматына көшірілді”, – делінген әкімдік хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Астанада қатты жел көпқабатты үйдің қасбетін ұшырып әкеткені туралы жазған едік.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"