Астанада мас күйінде көлік жүргізген судьяға қатысты түсініктеме берілді
Фото: ВСС
Астана қалалық соты мас күйінде көлік жүргізген судья туралы ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Соттың мәліметінше, Қазақстан судьялары ерекше құқықтық мәртебеге ие болғанымен, бұл олардың заң алдында жауапкершіліктен босатылады дегенді білдірмейді.
"Әкімшілік құқықбұзушылыққа қатысты материалдарды ІІМ Бас прокуратураға жолдады. Бас прокуратура қолданыстағы тәртіпке сәйкес, судьяны жауапкершілікке тарту мәселесін қарау үшін ұсынысты Жоғары сот кеңесіне енгізеді", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар сот өкілдері бұл жағдай судьяның қызметтік міндетін және заңды бұзу ретінде қарастырылатынын, оған тиісті құқықтық баға беріліп, заңға сай шара қолданылатынын атап өтті.
Мас күйінде көлік жүргізген судья жауапқа тартылмады: Қазақстандықтар оқиғадан кейін Тоқаевқа хат жолдады
Еске салайық, бұған дейін Астанада мас күйде көлік жүргізген судьяның ұсталғаны туралы хабарлаған едік. Рейдтік іс-шара барысында патрульдік полиция қызметкерлері Mazda маркалы көлікті тоқтатқан. Сараптама нәтижесі бойынша жүргізушінің мас күйде болғаны анықталды.
"Ауруханалар толып қалған": Қазақстандықтар "белгісіз" вирустың таралуына жаппай шағымданып жатыр