Астанада мас күйде көлік жүргізіп ұсталған судья қызметін жалғастыруда
Фото: astana.sud.kz
Астанада мас күйде және жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізгені үшін ұсталған судья қызметін жалғастыруда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентті хабарлайды.
Астананың азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының ресми сайтында Әсел Досаеваның судья ретінде жұмысын жалғастырып жатқаны көрсетілген.

Фото: astana.sud.kz
Судьяның жұмысын жалғастырып жатқанын Астана қалалық соты да растады.
“Судья заңда белгіленген тәртіппен Жоғары сот кеңесі тиісті шешім қабылдағанға дейін қызметтік міндетін атқаруды жалғастырады”, – делінген сот хабарламасында.
Соттың мәліметінше, әкімшілік құқықбұзушылық туралы істің материалдарын ішкі істер министрлігі бас прокуратураға жолдағанын.
Сондай-ақ соттың баспасөз қызметі судьялардың тәртіптік жауапкершілігі, кадрлық іріктелуі, тағайындалуы және қызметінен босатылуы бойынша мәселелер Жоғары сот кеңесінің құзыретіне жататынын атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін Астанада мас күйде көлік жүргізген судья ұсталғаны туралы жазған едік. Осы оқиғадан кейін қазақстандықтар сот жүйесіне алаңдаушылық білдіріп, Тоқаевқа хат жолдады.
"Соңы қуғын-сүргінге алып келеді": Белсенділер Қазақстан депутаттарының ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы шешіміне қарсы шықты