Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана әкімдігі LRT-мен жүру жол ақысын жариялады

Фото: CTS

Астана әкімдігі жеңіл рельсті көлік (LRT) арқылы жүру тарифтері туралы қаулы жобасын жариялады. Құжат “Ашық НҚА” порталында орналастырылып, қоғамдық талқылауға шығарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Құжатта Астанада жолаушылар мен багажды жеңіл рельсті көлікпен тасымалдауға арналған әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымал тарифтері мынадай мөлшерде белгілеу ұсынылған:

  • 200 теңге – қолма-қол және қолма-қолсыз төлем кезінде;
  • 0 теңге – жеңілдік берілетін көлік картасымен төлеу кезінде.

Сондай-ақ 2017 жылғы 20 шілдедегі Астана қаласы мәслихатының №167/21-VI шешіміне сәйкес, елордада тіркеліп, тұрақты тұратын азаматтардың жекелеген санаттары қоғамдық көлікте жолақы төлеуден босатылған. 

Бұған қоса, жолақыдан босатудың негізі ретінде электронды атаулы көлік картасының түпнұсқасы ұсынылуға тиіс.


LRT ісі: "Астана банкінен" 22,9 миллиард теңге қайтарылды

2025 жылы бюджеттен LRT құрылысына 300 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалды


Айта кетейік, бұған дейін Астанадағы LRT пойызы қашан іске қосылатыны белгілі болғаны хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 12 Наурыз, 2026 15:31