Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада LRT нысандарын бояп жатқан кезде көліктерге бояу шашыраған: Жүргізушілер шығынды өтеп беруді сұрайды

көлікті бүлдірді

Видеодан скриншот

Астанада LRT нысандарын бояп жатқан кезде көліктерге бояу шашыраған. Салдарынан 60-қа жуық көлік зақымданған. Себебі LRT нысаны бояу шашқан кезде ол жан-жаққа шашыраған. Көлік иелері енді бояу жуылмайды және көлікті толығымен бояуға тура келеді дейді. Ал мердігер компания аз өтемақы ұсынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Астаналық Руслан Силин көлігінің шанағында ұсақ, кедір-бұдыр бояулар қалғанын айтады. Руслан кәсіби жылтырату және арнайы жабын қажет екенін айтты. Руслан сынды бірнеше көлік иесі бар.

Мердігер компания жәбірленушілерге медиациялық келісімге келуді ұсынған.

“Белгілі бір сома төленеді, бірақ бұл бізге қажет сомадан үш есе төмен. Алайда сотқа беруге уақыт жоқ. Мен детейлинг шеберханаға бардым. Балшық негізі қолданылады, содан кейін полировка, содан соң кетеді дейді. Олар жылтыратудың өзін 160 мыңға бағалады, оған қоса бұрынғыдай болып көрінуі үшін керамика жағу керек”, – деді астаналық Руслан Силин.

Жүргізушілер мердігер компания өкіліне жуғыш затпен көлікті өзі тазалап көруді ұсынды. Шамасы, бұл да сәтсіз болды. 

“Бояуды әкелген жоқпыз және бұл көліктерді өзіміз бояған жоқпыз. Мұндай ауа райы болатынын білмедік. Сонымен қатар алыс тұрдық. Екі жүзден үш жүз метрге дейін. Жел тұрады ойлаған жоқ”, – деді ұйым өкілі Бауыржан. 

Дегенмен көлік иелері компания ұсынған сомамен келіспейді. Айтуларынша, ұсынып отырған 70 мың теңге шығынның бір бөлігін де жаба алмайды. Елорда тұрғындарының бірі компания барлық шығынды өтеуі керек деп санайды.

“Алдағы уақытта облыстық сот әрі қарай қарап, құзырлы органдарға шағымданамыз, себебі бұл мен үшін материалдық шығын. Мен бұл жерге табиғатты қорғау полициясын да тартқым келеді, өйткені бұл бояудың адам ағзасына қандай зияны тигенін білмейміз. Олар мұны бір күннен артық шашады, бұл екі ай аралықта болды”, – деді Астана тұрғыны Бауыржан.

Тұрғындар сотқа дейінгі бітім нәтиже бермесе, сотқа жүгінуге дайын. CTS компаниясы жағдайды түзету үшін жұмыс істеп жатырмыз деп сендірді.

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 05 Тамыз, 2025 11:46
Талқылау
`