Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада LRT құрылысын аяқтау үшін тағы 50 миллиард теңге бөлінді

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде елорда әкімі Жеңіс Қасымбек LRT жобасын соңына жеткізу жөнінде пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Брифингте журналистер “Астанаға LRT керек пе?” деген сұрақ қойды. 

"Жобаны іске асыру бойынша әртүрлі пікірлер мен көзқарастар бар. Ғылыми тұрғыдан алғанда, халқы 2 миллион немесе 1,5 миллионнан асатын қалада желілік қоғамдық көлік болуы керек. Ол жерасты немесе жерүсті көлігі болсын. Сондықтан менің жеке пікірім, болашақта мегаполисте мұндай көлік болуға тиіс. Ал біз 2030 жылға қарай елорда халқы 2 миллионға жетеді деп болжап отырмыз", – деді Жеңіс Қасымбек БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.

Әкім жобаның құрылысын жалғастыруға биыл 50 млрд теңге бөлінгенін атап өтті.

Жалпы, LRT-ге бүгінге дейін шамамен 600 млн доллар жұмсалды.

Айнұр Мұхади
Жұма, 30 Маусым, 2023 12:40