Астанада LRT құрылысы 2024 жылы аяқталады - Жеңіс Қасымбек
LRT жобасы келесі жылы аяқталады. Бұл туралы Хабар 24 арнасындағы "President" бағдарламасында елорда әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жеңіс Қасымбектің сөзінше, жерүсті метрополитенінің құрылысын аяқтау жұмысы өткен жылы басталған.
Енді қалған барлық шаруа келер жылдың соңында аяқталады.
"Өткен жылы үкімет алғашқы қаржыны берді. Биыл бұл нысан құрылысы белсенді жүреді. Қазір жұмысты пысықтап, техника бойынша, осы ЛРТ-да жұмыс істейтін пойыздар бойынша аванстық төлемдер жүріп жатыр. Жоба 2023-2024 жыл ішінде жүзеге асырылып, келесі жылдың соңына дейін іске қосылуы тиіс деп жоспарланған", - деді Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек.
Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте LRT жобасы сөз болды. Президенттің айтуынша, LRT жобасы қате болды, бірақ оны тоқтатсақ, шығын одан да көп болады.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салаттар, әртүрлі ассорти, стейктер, жемістер мен десерттер қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар