Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада лифтте жасөспірімнен жапа шеккен 5 жасар баланың беті жансызданып қалды

Фото: Видеодан скрин

Астанадағы тұрғын үй лифтінде жасөспірім бетін пышақпен тілген 5 жасар баланың анасы ұлына шұғыл көмек керек екенін айтты. Бала шетелде жасалатын емге мұқтаж. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Баланың бет жүйкесі зақымданған… Сол жақ беті жансызданып қалды”, – деп жазды баланың анасы.

Еске салсақ, 2025 жылдың ақпан айында Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің лифтінде 14 жастағы жасөспірім 5 жасар баланың бетін пышақпен тілгілеп тастағаны туралы жазған едік. 

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушы К-ның II топтағы мүгедек екенін, психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаныны қарамастан, 2025 жылғы 11 ақпанда тұрғын үй кешенінің лифтінде болған кезде кәмелетке толмаған Е-нің денесіне зақым келтіріп, оның бетіне пышақпен жарақат салғанын анықтады.


"Лифтті сындырып, камераны бүлдірген": Астанада екі ер адамның ерсі әрекеті камераға түсіп қалды (видео)


"Қауіпсіздігімізді кім ойлайды": Алматылықтар пышақ ұстап, пәтерлердің есігін қаққан ер адамның бостандықта жүргеніне ашулы


Сот қаулысына сәйкес, К-ға Талғар ауданы Ақтас ауылындағы қарқынды бақыланатын мамандандырылған үлгідегі мекемеде стационарлық мәжбүрлеп емдеу тағайындалды.

 

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 26 Мамыр, 2025 08:50
Талқылау