Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада лицензиясыз медициналық қызмет көрсеткен косметолог әйел сотталды

Астанада лицензиясыз медициналық қызмет көрсеткен косметолог әйел сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: cosmeticru.com

Астана қалалық прокуратурасының мәліметінше, сотталушы әйелдің тиісті лицензиясы мен куәлігі болмаған, сонымен қатар ол жарамдылық мерзімі өтіп кеткен преператтарды пайдалана отырып, косметикалық процедура жасаған. Нәтижесінде жәбірленушінің денсаулығына залал келген. 

Сот айыпталушыға 1 жыл 6 айға бас бостандығын мәжбүрлі еңбекпен шектеу және медициналық қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасын тағайындады.


"Адам емессіңдер, жауап бересіңдер дейді": Таразда арнайы білімсіз ота жасап, сотталған косметолог жәбірленушіге хабарласып қорқытып жүр


Сотталуышыдан жәбірленушінің пайдасына 5,8 млн теңге материалдық және моральдық шығын өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді.

Еске салсақ, бұған дейін Өскеменде ота кезінде науқасын өлтіріп алған косметолог сотталған еді. 

Талқылау