Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада жігітінің жыныс мүшесін кескен әйелге қатысты жаңа дерек шықты

Астана соты қызғанғаннан жігітінің жыныс мүшесін кескен оқиғаға қатысты пікір білдірді.  Әлеуметтік желілерде осы іске қатысты сот қаулысының суреттері таралып кетті.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

Айта кетейік, Астанадағы сұлулық салонында жұмыс істейтін 36 жастағы әйел адам басқа қыздан қызғанғандықтан жігітінің жыныс мүшесін кескен еді.

Әйелге қатысты ҚР ҚК 106 бап, 1 бөлімі, “Адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру” бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оған 3-7 жылға дейін бостандығын шектеу немесе бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

“24 қаңтарда күдікті Нұржановаға қатысты алдын ала шара қолданылып, 2 айға қамалды. Тергеуге байланысты басқа ақпарат бере алмаймыз”, – деді Астана сотның баспасөз қызметі.

Соттың хабарлауынша, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Көбіне мұндай іс бойынша ақпараттар құпия сақталады

Ауруханаға жеткізілген ер адамға ота жасалды. Бірақ, дәрігерлердің айтуынша, жәбірленушінің зақымдалған мүшесі қалпына келтірілмеді.

Тағы оқыңыз:

Астана тұрғыны тұрақта тұрған көлігін таба алмай полиция шақырған

Желіде Алматыда болған құбыр апатының суреттері жарияланды (фото)

Астанада әйел қызғанғаннан жігітінің жыныс мүшесін кесіп тастады

5 мың доллар талап еткен: Мысырда ауырып қалған азаматтың қызы дәрігерлерді жазалауды сұрады

Талқылау