Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада құрылыс компаниясы үлескерлерді алдап кетті

Астанада “Happy Village” коттедж қалашығы” ЖШС құрылыс компаниясының басшысы үлескерлердің ақшасын алып, жұмсап жіберді. Бұл туралы Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Фото:ru.sputniknews.kz

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 189-бабы 2-тармағы (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сотқа дейінгі тергеу “Куршавель” көп пәтерлі тұрғын үй кешені үлескерлерінің “Happy Village” коттедж қалашығы” ЖШС құрылыс компаниясының басшысы Бақтығали Өтегеновке қарсы ұжымдық шағымы бойынша жүргізіліп жатыр.

Полицияның айтуынша, Өтегенов үлескерлердің ақшасын иемденіп, жұмсап жіберген. Ал тұрғын үй құрылысы сол күйі аяқталмаған.

Ішкі істер департаменті күдіктінің іс-әрекетінен зардап шеккендерден мына мекенжай бойынша ІІД тергеу басқармасына жүгінуді сұрайды: Астана, Бейбітшілік көшесі, 19, тел.: 8 (7172) 71-60-10, 74-62-28.

Жобаға сәйкес, “Куршавель” тұрғын үй кешені елорданың сол жағалауында, ЭКСПО ауданында салынуы тиіс болған. Бір шаршы метрдің құны 385 мың теңгені құрайды.

Оқи отырыңыз:

Ақмола облысында үш балаға иіс тиіп, біреуі қаза болды

Шымкентте тұрғын үйде газ жарылып, анасы мен баласы күйіп қалды

2017 жылы әлем бойынша 65 журналист қаза болды

Жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, оның құлаған сәті видеоға түсіп қалған (видео)

Талқылау