Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада құлаған қабырға астында мерт болғандар Өзбекстан азаматтары болып шықты

Астанада құрылыс жұмыстары жүріп жатқан ғимараттың құлаған үйінділерінің астында қалған құрылысшылар Өзбекстан азаматтары екені анықталды.

20170917151621

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Жексенбі күні түс кезінде Алаш 25 көшесінде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан ғимараттың төбесі мен қабырғасы құлады. Оқиға орнында екі жұмысшы қаза тауып, біреуі ауруханаға жеткізілді. Олардың барлығы Өзбекстан азаматтары, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз орталығы.

Жедел-тергеу тобы құрылып, тергеу жұмыстары басталды.

Құрылыс және объектідегі бақылау жұмыстарына жауапты төрт адам: сонымен қатар тапсырыс беруші, бас мердігер мен бөлім бастығы тергеу жұмыстарын жүргізу үшін бөлімшеге жеткізілді.

Талқылау