Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада корпоративтік басқару бойынша жыл сайынғы Ұлттық форум өтеді 

Қазақстан мен алыс шетелден келген озат спикерлер жиналған корпоративтік басқару жөніндегі Ұлттық форум 2024 жылдың 7 қарашасында Астана қаласындағы жетекші қаржы хабында, АХҚО-да өтеді. Биылғы форумның басты тақырыбы: "Корпоративтік басқару-Қазақстан Республикасы экономикасын либерализациялау императиві". 

Форумның пленарлық отырыстары мынадай мәселелерге арналады:

"Қазақстан Республикасының корпоративтік басқаруы үшін өзекті сын-қатерлері" және "Корпоративтік басқару ұзақ мерзімді табыстың формуласы ретінде". Сондай-ақ қатысушыларды аудиторлық компаниялардың, қаржы институттары мен даму қорларының жетекші мамандарынан төрт сессия және халықаралық сарапшылардың интерактивті мастер-класстары күтеді. Онда мынадай тақырыптар қаралады:

  • "Директорлар кеңесінің мүшесі кімнің мүдделерін ұсынады?";
  • "Қаржы нарығы, ESG және әртүрлілік (diversity)";
  • "Орта және отбасылық бизнеске арналған корпоративтік басқару";
  • "Стартапқа қандай директорлар кеңесі қажет?";
  • "Компанияның беделі мен бренді. Компания құнын қалай арттыруға болады?";
  • "AI-дың директорлар кеңесінің тәжірибесіне әсері және киберқауіп".

Халықаралық спикерлердің бірі:

  • Талиса цур Хаузен (Talisa zur Hausen), OECD корпоративтік басқару бөлімінің саяси сұрақтарының талдаушысы
  • Александр Чмель, Chartered Director IoD, ACCA
  • Зафар Хашимов, халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) Еуропа мен Орталық Азиядағы корпоративтік басқару жөніндегі жобаның өңірлік менеджері.

Ірі қаржы институттары мен ұлттық холдингтердің басшылары, халықаралық және қазақстандық сарапшылар, тәуелсіз директорлар, бизнес иелері және басқалары, корпоративтік басқарудағы өзекті трендтер мен жаңа сын-қатерлерді, шақыруларды, басқару парадигмасының өзгеру үрдістерін, сондай-ақ қазақстандық бизнеске халықаралық практиканы енгізу мысалдарын талқылайды.

Форумның серіктестері-Kaspi, Solidcore Resources, KPMG, KASE, AlmaU, Ecoton + және басқа компаниялар тобы.

Бұл іс-шара кәсіпкерлерге, топ-менеджерлерге және бизнес иелеріне, компаниядағы директорлар кеңесінің рөлін қайта қарауға және озық сарапшылардың тәжірибесі мен кейстерін қабылдай отырып, өздерінің бизнес-процестерін жақсартып іске қосуға көмектеседі.

Форум қатысушыларына "Директорларға арналған нұсқаулық" кітабы және "Қазақстан Республикасындағы директорлар кеңестерінің практикасына шолу – 2024" ғылыми зерттеуі таныстырылады.

Форум 2024 жылдың 7 қарашасында "Астана" халықаралық қаржы орталығында, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/19, с-3.4 павильонында өтеді. 

Қосымша ақпарат алу үшін: +8 705 402 6169 немесе мына сілтемеден біле аласыз!

Талқылау