Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада көлікте өзін-өзі қанағаттандырған такси жүргізушісі 15 тәулікке қамалды

Видеодан скрин

Астанада көліктің ішінде бейәдеп әрекет жасаған такси жүргізушісі ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Астаналықтар такси жүргізушісінің көліктің ішінде өзін өзі қанағаттандырып жатқан сәтін видеоға түсіріп алған. Видео әлеуметтік желілерде тарағаннан кейін оқиға бойынша тексеріс басталды.

Астана қалалық полиция департаменті құқық бұзушының ұсталғанын хабарлады.

"Ер адам сот қаулысымен 15 тәулікке қамауға алынды. Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіп ережелерін сақтауға шақырады. Қоғамдық орындардағы кез келген бейәдеп әрекет айналадағы адамдардың тыныштығын бұзады және әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін", – делінген департамент хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін астаналық 19 жастағы бойжеткен такси жүргізушісінің тарапынан сексуалдық қысым көргенін жазған едік. Такси жүргізушісі қыздың көз алдында көлік ішінде мастурбация жасаған.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 06 Тамыз, 2025 20:20
Талқылау
`