Астанада қайтыс болған фельдшердің отбасына қандай көмек көрсетілетіні айтылды
Фото: instagram.com/rustemova_aliya
Еңбек вице-министрі Асқарбек Ертаев Мәжіліс кулуарында Астанадағы үйдің қасбеті құлап, қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына қандай көмек көрсетілетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Асқарбек Ертаевтың сөзінше, қазір арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр және барлық қолдау шаралары тергеу аяқталғаннан кейін белгіленеді.
“Комиссия жұмыс берушінің жауапкершілігін қарастырып жатыр. Егер қыздың баласы немесе жұбайы болса, олар асыраушысынан айырылу бойынша төлем алуға құқылы”, – деді Ертаев.
Тоқаев Астанада қаза тапқан фельдшерді “Ерлігі үшін” медалімен марапаттады
Сондай-ақ марқұмның зейнетақы және әлеуметтік жарналары болған жағдайда, отбасына жерлеу шығыны ретінде 95 АЕК (373 540 теңге) мөлшерінде жәрдемақы төленеді.
Бұдан бөлек, егер сақтандыру рәсімделген болса, сақтандыру компаниясы еңбекке қатысты жазатайым оқиға бойынша келісімшартқа сәйкес төлем жасауға міндетті.
Еске салсақ, бұған дейін Астанада ғимараттың сыртқы қабырғасы құлап, адамдарды құтқаруға барған жедел жәрдем фельдшері ауыр жарақат алғаны туралы жазған едік. 18 қараша күні 23 жастағы фельдшер ауруханада көз жұмды.
"Біреулер көрсін, гей болсын демейміз": Қазақстандықтар желіде ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңды қызу талқылап жатыр