Астанада қатты соққан желден адамдар көшеде жаяу жүре алар емес (видео)
Бүгін түнде Астанада дауыл соқты. Тұрғындарға дабылды ескерту алдын ала жолданып, боран соғатыны хабарланды.
15м/с жылдамдықпен соққан желден адамдар аяқ алып жүре алар емес. Көшеде кептеліс басталып, бір күнде 60 жол апаты болды. 1 адам зардап шекті.
Елорда мектептері уақытша жабылып, барлық сынып оқушыларының сабағы тоқталығаны хабарланды. Сонымен қатар колледждің 1, 2 курс студенттері де сабаққа бармайды.
Қазгидрометтіңхабарлауынша, Астанада қар бұрқасыны 3 күнге созылады. 11 қаңтарға арналған болжам бойынша көшпелі бұлт жүріп, қар жауады, боран соғып, көктайғақ болады.
Синоптиктердің болжауына қарағанда, 12 қаңтар күні бұрқасынның беті қайта бастайды. Батыстан, солтүстік-батыстан секундына 9-14 метрлік жел соғып, түнде ауа температурасы -11…-13 градусқа дейін төмендейді.
Тағы да оқыңыз:
Танымал қазақ миллионері тергеушілер жауапқа ала бастағандықтан шетелге көшкенін айтып берді
Діни басқарма мәлімдемесі: Балиғат жасына толған мұсылман қызына орамал тағу – міндет
Тағы да сұмдық оқиға: Ақтөбеде банк қызметкері әріптесін қонаққа шақырып атып өлтірді