Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада қатты аяз кезінде 10 жасар бала жоғалып кетті

Астанада түнгі уақытта жоғалып кеткен 10 жасар бала табылды. Бұл туралы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қылышбекова хабарлады.

10 жасар бала 13 қаңтарда, сағат 18:00-де үйінен шығып кеткен. Сағат 22:40 кезінде баланың ата-анасы полицияға хабарласып, мән-жайды түсіндіріп берген.

Бастапқыда баланы ата-анасы өздері іздеуге шыққан, бірақ бұдан еш нәтиже шықпағасын, полицияның көмегіне жүгінді.

“Ақпарат түскен бойда “Алматы” ауданы ІІБ полицейлері бірден іздестіру шараларына кірісіп кетті. ІІД-нің жеке құрамы бағытталды. Сағат 03:00 кезінде бала Әзірбайжан Мәмбетов көшесі бойындағы үйдің маңында орналасқан күзет бекетінің нысанында ұйықтап қалған жерінен табылды. Түнге дейін ойын қызығына ерген бала үйге қайтар жолды таба алмай қалған көрінеді”, – дейді Астана ІІД баспасөз хатшысы.

Полицейлер табылған баланы үйіне жеткізді.

Айта кетейік, өткен түнде Астанада ауа температурасы минус 28-ге дейін төмендеген болатын.

Тағы оқыңыз:

Оралда апатты деп танылған үйдің төбесі құлады

Жеңгетай “Мама Роза” мен жезөкшелере қорған болған полковник кім? (фото)

Сотталған жігіттің әйелі: Күйеуіме массың деп тиіскен полицейдің бірі көлік капотына мініп, терезені сындырды

Білім министрлігі мұғалімдердің жалақысы қалай өсетінін айтты

Талқылау