Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада қатты желден кран құлап кетті (видео)

Астанада қатты желдің салдарынан мұнара краны құлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скрин

Оқиға "Рио-де-Жанейро" тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында болған. Әлеуметтік желіде құлаған кранның видеосы тарады. Видео авторы құрылыс алаңындағы басқа крандардың да құлау қаупі бар екенін айтып, шара қабылдауды сұраған. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, кранның құлауы желдің күрт күшеюі мен кранның уақтылы күшейтілмеуі салдарынан болған.


Астанада қатты соққан жел жаңа аялдаманы ұшырып әкете жаздады (видео)


"Сарыарқа ауданы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, 25/4, "Рио-де-Жанейро" құрылыс алаңында (бас мердігер "G-park" ЖШС) КБ-405 мұнара краны дауылды желдің салдарынан құлағаны туралы ақпарат келіп түсті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала себеп – желдің күрт күшеюі және кран рельс жолдарында кранның уақтылы күшейтілмеуі", – делінген төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында. 

Еске салсақ, бұған дейін Ақтауда қатты жел аялдаманы ұшырып түсіріп, адамдардың үстіне құлағаны туралы жазған едік. 

Талқылау