Астанада Қаңтар кезінде ұрланған қарулар тәркіленді
Ұлттық қауіпсіздік комитеті бас прокуратурамен Астана және Щучинск қалаларында атыс қаруы мен оқ-дәрілердің заңсыз айналымына қатысы бар бір топ адамның жолын кесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰҚК
Астанада тінту барысында Қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған 2 "Калашников" автоматы мен 43 оқ-дәрі, Щучинскіде 7 атыс қаруы, 4 тапанша және 1500-ден астам түрлі калибрдегі оқ-дәрі тәркіленді.
Сот-баллистикалық сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
“Биыл ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп, қарудың заңсыз айналымының 13 арнасын, сондай-ақ оны жасырын жасайтын 2 цехты жойды. 41 автомат, 203 мылтық, 121 тапанша, 57 қол гранатасы, 1 гранататқыш, 44 жарылғыш құрылғы және әртүрлі калибрдегі 11 138 патрон тәркіленді”, – деп мәлімдеді ҰҚК баспасөз қызметі.
Қарудың заңсыз айналымымен күрес бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"