Астанада қала орталығындағы үш қабатты қонақүйден өрт шықты

Астанада Асқар Тоқпанов көшесінде орналасқан үш қабатты қонақүйде өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылып, су үздіксіз жеткізіліп жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Өрт сөндірушілер келген кезде ашық жалын болған. Өрттің таралу қаупі жоғары. Қазір өртті оқшаулау шаралары жүргізілуде. ТЖМ қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды