Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада ішінде адамдар болған лифт құлап бір адам қаза тауып, екі адам зардап шекті

Фото:Желі кадрларынан скрин

Астанадағы тұрғын үй кешенінің бірінде лифт құлап, бір адам қаза тауып, бірнеше адам зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Астана денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, апат жөндеу жұмыстары кезінде орын алған. Бір лифт қызметкері сол жерде қаза болған. Тағы екі қызметкер қалалық №1 көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі – орташа ауырлықта, екіншісінің жағдайы ауыр. Бірі анестезиология, жансақтау және интенсивті терапия бөлімінде. Екіншісі – көпсалалы жарақат бөлімінде. Екеуіне де барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Апат болған аумақтан видео әлеуметтік желілерде пайда болды. Мұнда көршілер ашуланып, лифт компаниясына наразылықтарын білдіріп көшеге шыққан.



Астана полициясы қылмыстық іс қозғады. Тергеу "еңбекті қорғау ережелерін бұзу салдарынан адам өлімі" бабымен жүргізілуде. Лифт ішінде жөндеу жұмыстарын атқарып жүрген қызметкерлер болған.  

Қазіргі кезде апаттың барлық мән-жайы анықталуда. Айта кетсек, 2gis қосымшасында осы үйдегі лифттерге қатысты көптеген шағымдар бар.

STAN.KZ
Бейсенбі, 13 Қараша, 2025 17:30
Талқылау