Астанада газ баллоны жарылып, кафе ғимараты қирады
Астанада дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылып, салдарынан ғимарат қирады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Дәмхана екі қабатты ғимаратқа жапсарластыра салынған екен.
“Қирау алаңы шамамен 60 шаршы метр, өрт алаңы 15 шаршы метр. Өрт сөндірілді. ТЖМ күштері қауіпсіз жерге көлемі 50 литр болатын 4 тұрмыстық газ баллонын шығарды. Оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері үйінділерді бұзу жұмыстарын жүргізуде”, – делінген төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.
Өрт салдарынан 6 адам жарақат алды. Олар жедел жәрдем қызметіне табысталған екен.
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты
Қазақстандағы терминал иелері букмекерлік төлем жасауға тыйым салынған соң табысынан айырылды
Елде 25 мың терминал бар, оның 70%-ы ауылдық жерлерде