Астанада есірткі саудасына барған студент 8 жылға сотталды

Астанада жеңіл табыс табуды көздеген студент есірткі саудасына қатысқаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Іс жастарға сабақ болу мақсатында университетте симуляциялық сот процесі ретінде көрсетілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Астана қаласында есірткі саудасымен айналысқан студент 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Жеңіл жолмен табыс табуды көздеген жас жігіттің әрекеті ақыры заң алдында жауапкершілікке әкелді. Бұл іс өзгелерге сабақ болсын деген мақсатта симуляциялық сот процесінің негізіне айналды. Аталған іс-шараны Астана қаласы әкімдігі мен прокуратурасы "Заң мен Тәртіп" қағидаты аясында ұйымдастырған. Ашық форматтағы сот отырысы жергілікті университеттердің бірінде өтті.
Симуляциялық сот процесінде барлық рөлдерді студенттердің өздері сомдады. Олар қорғаушы, мемлекеттік айыптаушы және куәгер ретінде қатысып, қылмыстық істің қаралу барысын тәжірибе жүзінде көрді. Сценарий жастар арасында кең таралған қылмыстардың бірі – есірткі саудасына негізделген.
Сонымен қатар іс-шараға мектеп оқушылары да онлайн форматта қатысып, алдын алу жұмыстарының ауқымы кеңейтілді. Процесс барысында айып тағу, дәлелдерді қарастыру, қорғау және үкім шығару кезеңдері толық қамтылды.
Астана қаласы Сарыарқа аудандық прокуратурасының бөлім прокуроры Сұлтан Ерубайдың айтуынша, шараның негізгі мақсаты – студенттерге сот процесінің қалай өтетінін көрсету және есірткі қылмыстарының қоғамға қауіптілігін түсіндіру.
"Бүгін біз студенттермен бірлесе отырып, есірткі заттарын өткізуге қатысты іс бойынша симулициялық сот процесін өткіздік. Біздің мақсатымыз Қазақстан Республикасының сот талқылауының іс-жүргізу қалай өтетінін және есірткі заттарын өткізу қандай қылмыстық жауапркершілікке әкеп соғатынын және мұндай қылмыстарды қоғамдық қауіптерінің қаншалықты жоғары екендігін көрсету болды", – деді рокурор Сұлтан Ерубай.
Іс-шараның тағы бір ерекшелігі мектеп оқушыларының онлайн форматта қосылуы. Бұл алдын алу жұмысын тек студенттермен шектемей, жасөспірімдерге де жеткізуге мүмкіндік берді. Процесс барысында айып тағу, дәлел келтіру, қорғау мен үкім шығару кезеңдері толық қамтылды.
Студент Аяулым Әсемхан мұндай форматтағы сот процестері жастар үшін маңызды екенін атап өтті.
"Алдағы уақытта қайталанбас үшін, бізге сабақ болу үшін бізге осындай судебный процестерді көп өткізу керек деп ойлаймын. Себебі алдағы уақытта студенттер ойланып, ондай іске бармас үшін және де қазіргі таңда студенттер үшін ең бастысы жұмыс емес оқу керек деп ойлаймын", – деді студент.
Мамандардың айтуынша, мұндай форматтағы ашық сот процестері – құрғақ ескертуден әлдеқайда әсерлі. Себебі көзбен көрген адам ғана қорытынды шығарады.
- Қазақстандықтар шетелде жүріп адамдарды есірткі саудасына тартқан: 40 адам ұсталды
- Қазақстандық ер адам ұлына есірткі дайындауды үйреткен: Отбасыдан құны 5 миллиард теңгенің есірткісі тәркіленді
Еске салайық, бұған дейін Шымкенттің экс-әкімінің жиені Таиландтан есірткі тасымалдады деген күдікпен ұсталғанын жазған едік. Тергеу мәліметінше, ол Таиландтан халықаралық пошта арқылы каннабис сығындысын жеткізуді ұйымдастырды деген күдікке ілінген. Күдікті жөнелтілімді алу кезінде қолға түскен, қазіргі уақытта қамауда отыр.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған