Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есірткі сатқан қызының жазасын жеңілдетпек болған: Астанада пара берген әйелдің өзі де сотталды

Астанада есірткі тасымалдағаны үшін ұсталған қызының жазадан жеңілдету үшін 50 мың доллар пара берген әйелдің өзі де сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Kozachkov offside Telegram арнасында жарияланған мәліметке сүйенсек, оқиға 2024 жылдың көктемінде болған. Астанада есірткі сатты деген күдікпен 25 жастағы Айсұлу есімді бойжеткен ұсталған. 

Оқиғаны естіген Айсулудың анасы, Астанаға ұшып келген. Сосын Алматыда тұратын Сандуғаш есімді туысына хабарласып, қызының жазасын жеңілдетуге көмектесе алатын құқық қорғау органдарында жұмыс істейтін адамдарды іздеуді сұраған. Ал Сандауғаш күйеубаласы күзет компанисының басшысы Асқар Қарағұловқа жүгінген. Асқар өз кезегінде 50 мың долларға Айсұлуға қатысты қозғалған қылмыстық істің бабын өзгертуге уәде берген адаммен байланысқа шыққан. Осылайша олар “есірткі сату” бабы бойынша қозғалған істі “есірткі қолдану” бабына ауыстырып, жазаны 10 жылдан 7 жылға дейін төмендетпек болған.

Айсұлудың анасы қызын құтқару үшін қажет сомманы туыстары арқылы беріп жіберген. 

Алайда Айсұлуға қатысты істің бабы сол күйі өзгеріссіз қалған, осыдан соң қыздың анасы туыстарынан ақшаны қайтаруды талап еткен. Асқар Қарағұлов тек 28 мың доллар ғана қайтарып берген. Ақшасын толық қайтаруды сұраған әйел Антикорға жүгініп, нәтижесінде Қарағұлов дереу тұтқындалды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қыздың анасы мен туысы Сандуғашты да пара бергені үшін кінәлі деп тапқан. 

Нәтижесінде үш туыс та сот алдында жауап беріп, жазаға тартылды. Қыздың анасы мен туысы Сандуғаш 6 жылға бас бостандығынан айырылса, олардың күйеу баласы Асқар Қарағұлов сыбайлас ретінде бір жыл мерзімге сотталған. 

Ал есірткі сатқаны үшін ұсталған Айсұлу Серікбай 10 жылға бас бастандығынан айырылған. 

Қарағұлов пен куәгерлер істі шешу үшін 50 мың доллар алған Ансар Қажымұханұлы есімді адам екенін айтады. Ол көмектесуге уәде бергенімен, уәдесін орындай алмай, ақшаның жартысын ғана қайтарған. Оған қатысты іс бөлек қаралып, өткен күзде оған халықаралық іздеуге жарияланды.

Айта кетейік, Ансар Қажымұханұлы – әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуі.

Талқылау