Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада ер адамның басына кірпіш құлап, мерт болды

Әлеуметтік желіде Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде жатқан ер адамның видеосы пайда болды. Видеоның сипаттамасында ер адамның биіктен құлағаны айтылған. Алайда полиция департаменті оның басына кірпіш құлап, содан көз жұмғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ru.freepik.com

Елордалық полиция департаменті ер адамның құрылыс алаңында жұмысшының басына кірпіш құлап, оның өліміне себеп болғанын айтып, биіктен құлау фактісін жоққа шығарды.

Мәліметтерге сенсек, қайғылы оқиға 19 шілдеде болған.

"Биыл 19 шілдеде Астанада құрылыс алаңында жұмысшының өліміне байланысты полиция қызметкерлері абайсызда адам өліміне әкелген құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр", – делінген елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.



Еске салайық, былтыр Оралдық полицейлер басына кірпіш түсіп, көз жұмған қала тұрғынының өліміне кінәлілерді іздегенін жаздық. Жаяу жүргіншілер жолында кетіп бара жатқан 50 жастағы әйелдің басына кірпіш құлаған. Сол сәтте тіл тартпай кеткен марқұм саналы ғұмырын ұстаздыққа арнаған екен. 

Талқылау