Астанада ер адам өртеніп жатқан пәтердің терезесінен ішке кіріп, 15 жасар қызды құтқарып қалды (видео)
12 тамызда Астанада Сығанақ көшесіндегі көпқабатты үйде пәтер өртенді. Оқиға куәгерлері жасөспірімді құтқаруға көмектескен адамды видеоға түсіріп алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт пәтердің 10-қабаттан шығып, жиһаздар мен жеке заттар өртеніп кеткен.
"2009 жылғы қызды Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері Серік Рахымжанов аман алып қалды. Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", – делінген хабарламада.
Өрт кезінде куәгерлер балкон арқылы жанып жатқан пәтерге кірген ер адамды видеоға түсіріп алған. Ол 15 жасар қызды газ-түтіннен қорғау қызметіне тапсырған. Құтқарушылар оның мәліметтерін анықтап жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Атырауда №12 мектептің сегізінші сынып оқушысы Айдын Мұрат өрт шыққан көпқабатты үйден үш адамды құтқарып қалғаны туралы жазған едік. Ол құлыптаулы пәтердің есігін бұзып кіріп, сегіз жасар баланы алып шыққан. Сонымен қатар басқа пәтердегі екі зейнеткерді де аман алып қалған.