Астанада ер адам бірге тұрған әйелді баласының көзінше пышақтап өлтіріп, артынша 25-қабаттан секіріп тірі қалды

19 маусымда Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде ер адам бірге тұратын әйелді баласының көзінше төрт рет пышақтап, 25-қабаттан секіріп кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қайтыс болған әйелдің артында 7 және 10 жасар екі ұлы қалды.
Полицейлер өлім фактісін растады. Алдын ала мәлімет бойынша, ер мен әйелдің арасында жанжал шығып, салдарынан ер адам әйелге пышақ тығып алған. Содан кейін күдікті тұрғын үйдің 25-қабатынан секіріп кетіп, үй маңында тұрған автокөліктің үстіне құлаған.
"Құлау салдарынан ол ауыр дене жарақатын алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады Астана полиция департаменті өкілдері.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды