Астанада елден заңсыз ақша шығармақ болған әйелге 490 миллион теңге айыппұл салынды

Фото: freepik.com
Астанада елден ақшаны заңсыз шығармақ болған әйелге 490 миллион теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астана қалалық мемлекеттік кірістер департаменті валюта заңнамасы бойынша ірі заңбұзушылық фактісін анықтады.
Департамент мәліметінше, Ресейдің федералдық кеден қызметімен бірлескен іс-шаралар нәтижесінде, Қазақстаннан заңсыз ақша шығару үшін жауапкершілігі шектеулі серіктестік тіркеген азаматша анықталған.
"Сот шешімімен заң бұзушыға 493 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының валюта заңнамасын бұзғаны үшін Өзбекстан азаматына хабарлама жіберілген. Қазіргі уақытта іс материалдары сот органдарына жолданды, болжамды айыппұл сомасы 52 миллион теңгеден асады", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін шетел азаматына есепшот ашқан қазақстандық банкке айыппұл салынғаны туралы жазған едік.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді