"34 миллион теңге табыс тапқан": Астанада екі тұрғын TikTok-та құмар ойын ұйымдастырғаны үшін бас бостандығынан айырылды
Астана соты екі қала тұрғынын TikTok желісінде құмар ойын ұйымдастырғаны үшін соттады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Прокуратураның мәліметінше, олар бір топ адаммен алдын ала сөз байласу арқылы TikTok әлеуметтік желісінде "Зарик" атты құмар ойынын өткізіп, 34 миллион теңгеден астам табыс тапқан.
"Ойынның шарты бойынша тікелей эфирге қосылған азаматтар ұтыс алу үшін аты-жөні мен жеке телефон нөмірін көрсете отырып, ұйымдастырушының есепшотына 500-ден 4000 теңгеге дейін белгіленген соманы жіберген. Бір ойын тек екі қарсылас арасында өтті. Ұтыс жеңімпазы үш ойын картасының текшелерін айналдыру арқылы анықталды", – делінген хабарламада.
Сот Астананың екі тұрғынын төрт жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енді.
"Төрт жыл бұрын Қазақстан азаматтығын алған": Сарапшы Шарлапаевтың "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына тағайындалуын сынға алды
Экономист мұны "бір баррикададан екіншісіне өту" деп бағалайды
Еңбек кітапшасын жоғалтып алған: Танымал продюсер зейнетке шыға алмай жүргенін айтып берді
Оның айтуынша, азаматтарды бір мекемеден екіншісіне жіберіп, дөрекі сөйлейтін жағдайлар жиі кездескен