Астанада дзюдодан Grand Slam жарысы өтеді

Астана қаласында дзюдодан беделді Grand Slam әлемдік рейтингтік турнирі өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Халықаралық жарыс елімізде үшінші рет ұйымдастырылмақ. Ақпаратты Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Байрақты бәсеке 9-11 мамыр аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Турнирге әлемнің ең үздік дзюдошылары қатысады деп күтілуде.
Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ережелеріне сәйкес, жарыс қорытындысы бойынша спортшыларға әлемдік және олимпиадалық рейтингке ұпайлар беріледі. Бірінші орынға — 1000, екінші орынға — 700, ал үшінші орынға — 500 ұпай тағайындалады.
Бұған дейін 2023 жылы Қазақстан дзюдо федерациясы IJF-пен төрт жылдық келісімшартқа қол қойып, Grand Slam сериясының турнирлерін елімізде өткізу құқығына ие болған еді.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан

