Астанада ер адам дронның көмегімен түрмеге есірткі кіргізбек болған
Астанада дронның көмегімен түрмеге есірткі кіргізбек болғандар ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: polisia.kz
Полицияның мәліметінше, тәртіп сақшылары Михайловка-Аршалы автожолында Kia K5 автокөлігін тоқтатқан.
Көлікті бұрын бас бостандығынан айыру орнында жазасын өтеген ер адам жүргізген. Сондай-ақ, автокөлікте тағы екі ер адам болған, оның біреуі бұрын Астана қаласы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №2 мекемесінде жазасын өтеген.
"Автокөлікті тінту барысында өсімдік тектес заттары бар екі түйіншек, сондай-ақ, есірткіні колония аумағына жеткізу үшін қолданған дрон тәркіленді", – делінген хабарламада.
Салмағы 23,7 грамм марихуана тәркіленді. Ұсталғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтау әуежайында 1 келі есірткіні жұтып, асқазанында тасымалдамақ болған шетел азаматтары ұсталғаны туралы жазған едік.