Астанада цирк әртісі шоу көрсету кезінде бес метрлік биіктен құлап кетті (видео)
Фото: facebook.com/circusastana
18 мамырда Астана циркіндегі шоуда акробат қыз бес метр биіктен құлап кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Куәгерлердің айтуынша, бұл жайт қараңғыда болғандықтан көрермендер басында мән-жайды түсінбей қалған.
Кейінірек цирк өкілдері осы оқиғаға пікір білдірді.
"Ол спорт шебері, күрделі трюктарды сақтандырусыз орындауға дағдыланған. Жеңіл жарақат алды, жақын арада аренаға оралып, цирк көрермендерін қуанта береді", – дейді цирк әкімшілігі.
Астана денсаулық сақтау басқармасы өкілдері акробаттың қазіргі жағдайынан хабардар етті.
"Қыз циркте 5 метр биіктен құлап жарақат алды. Оны оқиға орнынан жедел жәрдем бригадасы алып кетті. Оған бас жарақаты және миы шайқалған деген диагноз қойылды. Жалпы жағдайы орташа, тұрақты", – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Әртістер өнер көрсеткен шоу 1 маусымға дейін жалғасады.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр