Астанада 5 жасар бала горшокты басына киіп алған: Оны тек құтқарушылар ғана шеше алды
Астанада Нұра ауданындағы Мәметов көшесінде орналасқан үйлердің бірінде бес жасар бала абайсызда басына горшок киіп алып, оны өздігінен шеше алмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәліметтерге сенсек, жақындары да көмектесе алмаған соң, құтқарушылардың көмегіне жүгінуге тура келген.
Оқиға орнына төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару жасағының қызметкерлері келіп, арнайы құралдардың көмегімен горшокты шешіп алды. Балаға медициналық көмек қажет болмағаны айтылды.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда дәрігерлер 105 магнитті моншақ жұтып алған екі жасар баланы құтқарып қалды. Бастапқыда мамандар объектілерді эндоскопиялық жолмен алып тастауға тырысқан. Бірақ магниттердің тығыздығына байланысты мүмкін болмады. Нәтижесінде хирургиялық әдіс таңдалды. Лапаротомия және гастротомия жасау туралы шешім қабылданды.
Перизат Қайраттан тәркіленген 80 миллиондық Mercedes астаналық полицейлерге берілді
Одан бөлек Перизаттан тәркіленген Mercedes-Benz EQE 500 4Matic көлігі бар. Алайда ол әзірге аукционға қойылмады
Алматы облысында 15 жастағы қыз өзін 8 жігіт екі ай бойы зорлап келгенін айтты (видео)
Күдіктілердің ең үлкені 26 жаста, ең кішісі – 16-да