Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада Бас прокуратураның алдында өзін өртеген әйел өлім аузында жатыр

Астанада Бас прокуратураның алдында өзін-өзі өртеп жіберген Майра Рысманова есімді келіншектің мұндай қадамға баруына есірткі саудасы үшін сотталған ұлы себеп болған. Бұл туралы КТК хабарлайды.

мими

Оның ақтығына шүбәсіз сенген ана, әр бастықтың есігін қағып, әділдік таппадым ашыныпты. Бас прокурордың назарын аудару үшін Шу қаласынан келіп, өзін өртеген әйел қазір хал үстінде жатыр.

48 жастағы әйел жергілікті полицейлер жас жігіттерді бопсалап, жазықсыз түрмеге қамап жатыр деп айыптаған. 28 жастағы ұлының да осылай тәртіп сақшыларының құрбаны болғанын айтты.

“Үмбеталиев Мұрат, баламды қамап тастады. Біреуге куәгер болмадың деп қамады. Көлік жөндеу орталығынан шығып келе жатқанда, екі көлікпен 10-15 полицей қоршап көлігіне анаша, қалтасына героин салған”, – деді Шу қаласының тұрғыны Майра Рысманова.

Десе де, Майраның ұлымды ақтап аламын деген әрекетінен түк шықпапты. Сөйтіп, былтыр маусымда баласы ірі көлемде есірткі сақтағаны үшін 4 жарым жылға сотталып кеткен.

Содан бері құзырлы орындардың табалдырығын тоздырып, әділдік іздеген ана, бүгін ақыры оқыс қадамға барды. Бас прокуратураның бақылау өткізу пунктінде сырты киімін шешіп, үстіне бензин құйып, өртеп жіберген.

Өзін өртеген әйел дереу қаладағы 1-ші ауруханаға жеткізілген. Бірақ денесіңнің сау тамтығы қалмай күйгендіктен, өмір мен өлім арасында жатыр.

Ал, Бас прокуратура өзін өртеген Майра Рысманованың ұлына қатысты істі Шу қаласындағы әріптестерінен сұратып үлгерген. Сөйтіп, есірткі сақтаған үшін сотталған жігіттің қылмыстық ісі біп апта ішінде Астанаға жеткізілуі тиіс. Оны прокурорлар үтір-нүктесіне дейін қайта қарап шықпақшы.

Оқи отырыңыз:

Германияға келген босқын Еврокомиссияда істейтін шенеуніктің қызын зорлап өлтіріп тастады

Ақтауда қуаттандырғышта тұрған ұялы телефонның кесірінен 7 айлық сәби көз жұмды

Астана-Көкшетау тас жолында көлік апаты кезінде көмекке ұмтылған жолаушының өзі ажал құшты

Жастайынан жетім қалып жақындарынан қорлық көрген қыз адам сенбес күйде тұрып жатыр

Талқылау