Картамызды жоғалтып ішіндегі ақшасында жұмсап тастаған глово тіркеп гловоны да тексеріп бір шара қолдану керек
Астанада банк картасын алаяққа берген жасөспірімнің үстінен іс қозғалды
Фото: istockphoto.com
Астанада банк картасын үшінші тұлғаларға берген 17 жастағы жасөспірімнің үстінен іс қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бас прокуратура Қазақстанда “дропперлік” үшін қылмыстық жауапкершілік күшіне енгенін мәлімдеді.
“2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап азаматтардың киберортадағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ақша қаражатының заңсыз айналым арналарын тоқтату мақсатында "дропперлік" – яғни, өзінің банк карталарын, шоттарын және өзге де төлем құралдарын сыйақы үшін үшінші тұлғаларға беруге қылмыстық жауапкершілік енгізілді”, – делінген хабарламада.
Прокуратураның мәліметінше, заң күшіне енген уақыттан бастап елде аталған бап бойынша 7 қылмыстық іс тіркелген.
“Астана қаласында алаяққа Қазақстан азаматынан ұрланған ақша қаражатын аудару үшін өзінің банк шотының деректемелерін берген он жеті жасар жасөспірімге қатысты тергеу басталды”, – делінген хабарламада.
Алаяқтар уәде еткен сыйақы үшін қылмысқа барған жасөспірім енді жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылу мүмкін.
Дегенмен бас прокуратура осындай құқыққа қайшы схемаға тартылған, бірақ бұл туралы уәкілетті органдарға өз еркімен хабарлаған және қылмысты ашуға белсенді ықпал еткен адам қылмыстық жауаптылықтан босатылатынын атап өтті.
Сондай-ақ бұрын шоттарыңызды үшінші тұлғаларға берген болсаңыз, осы секілді алаяқтық деректерінің алдын алу үшін дереу банк бөлімшесіне хабарласып немесе онлайн банкинг арқылы картаны өз бетіңізше бұғаттауыңыз қажет.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда банк картасын басқа біреуге бергендер сотталатыны туралы жазған едік.
"Біреулер көрсін, гей болсын демейміз": Қазақстандықтар желіде ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңды қызу талқылап жатыр