Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада балкон опырылып кетті: ТЖД сынықтарды жинаудан бас тартқан

Астанада көпқабатты үйдің бесінші қабатындағы балкон опырылып түсті. Балконда тұрған әйел лезде темір торлардан ұстап, аман қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Патриот сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Видеодан скриншот

Григорий Потанин көшесіндегі көпқабатты үйде балкон 4-қабаттың балконына құлаған. Бақытына орай, бұл кезде 4 қабатта ешкім болмаған.



Үй тұрғындары төтенше жағдайлар департаменті балкон тақтасының сынықтарын алып тастаудан бас тартып жатқанын айтты. Олар балкон азаматтардың жеке меншігі екенін және оны КСК істейтінін айтты. Ал КСК балконның құлауының салдарын жою олардың қызметіне кірмейді дейді.

Енді бесінші және төртінші қабаттағы пәтердің тұрғындары бұл мәселелерін өздері шешуге міндетті. 

Талқылау