Астанада балдақпен жүрген бойжеткенді мейрамханаға кіргізбей қойған
Астана тұрғыны аяғын жаралағаны үшін «Якитория» мейрамханасына кіргізбегенін айтты.
Бұл жайлы Facebook қолданушысы Мали Мухтарова жазды.
Айтуынша, олар достарымен құрбысының туған күнін атап өтпек болып осы мейрамханаға барады.
«Мен аяғымды жарақаттап алдым. Сондықтан біраз уақыт балдақпен жүруім керек. Мен мейрамханаға кірерде сатымен жоғары көтерілу керектігін көрсетті. Кейін әкімшісі келіп менің мұнда кіруіме болмайтынын айтты», – дейді ол.
Олар қыздың балдақпен жүретінін ескертулері тиіс екенімізді айтты. Жәбірленушінің айтуынша, мейрамхана қызметкерлері жүкті әйелдерге де қатаңдық көрсеткен.
«Ал, менің дертім уақытша. Сонда мүмкіндігі шектеулі жандар тек үйде отыра ма? Алде тапсырыс берерде өзінің физикалық мінездемесін де атап өтуі керек пе? Бұл мейрамхананың көркін бұзбау үшін жасалып жатқан жоқ па? Бұл бірінші жағдай емес секілді. Астанадағы жүкті әйелдер мұнда келмей-ақ қоюы керек екен», – дейді бойжеткен.
Бойжеткен Sputnik Қазақстан агенттігіне берген сұхбатында мейрамхана тарапынан ешкімнің кешірім сұрамағанын айтты. Ол шағым түсірмек ниетте. Мейрамханадағылар әкімшінің жоқ екенін айтып пікір білдірген жоқ.
Тағы да оқыңыз:
Алматыда көз жұмған студенттің оқиғасы: Барлығы 5 мың теңгеден басталған
Жатын бөлмеге камера қойып 200 доллар ақша табуға болады
Фермер доңызы жыныс мүшесі мен үш саусағын тістеп алған соң көз жұмды