Астанада бала зорламақ болды деген күдікпен Қорғаныс министрлігінің офицері ұсталды
Елордада Қорғаныс министрлігі Ақмола гарнизонының әскери қызметкері 8 жастағы балаға сексуалды зорлық көрсетті деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
БАҚ беттерінде Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерінің бірінің батальон командирінің подполковник шеніндегі орынбасары (басқа мәліметтер бойынша - майор) Астанадағы ауруханда 2016 жылы туған баланы зорламақ болған деген ақпарат тарады.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, кәмелетке толмаған балаға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
“Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен оқуда жүрген Қорғаныс министрлігі Ақмола гарнизонының әскери қызметкері ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр”, – деп мәлімдеді ведомство.
Бұған дейін Жетісу облысында шенеуніктер әріптесін зорламақ болды деген ақпарат тараған еді.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен